422
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі білім ұяларындағы мұғалімдер тапшылығына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол оқу жылының басталуына орай Нұр-Сұлтандағы №86 мектеп-гимназиясында өткен шарада тілшілер сұрағына жауап беру кезінде айтты.
«2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп ашу міндеті тұр. Осы орайда жаңа мектептерді салу бір мәселе болса, екіншісі – сол мектептерді қажетті кадрлармен қамту. Біздің санауымызша, жаңадан ашылатын мектептерге кем дегенде 100 мың педагог керек. Бұл бағытта біз қазір жұмыс істеп жатырмыз. Қазір бізде бастауыш сынып, сонымен қатар математика, физика, химия пәні мұғалімдеріне үлкен қажеттілік туындап тұр. Қазіргі таңда мемлекеттік гранттардың санын көбейтіп жатырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.