Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды

Теги: ,
397

Түркістан облысында 52272 оқушы бірінші сыныпқа барды. Биыл 10 жаңа жекеменшік мектеп ашылып, білім ұяларының жалпы саны 961-ге жетті. Өңірде жалпы мектеп оқушыларының саны — 511 158.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық білім беру ұйымдары «Bilim Land» білім беру платформасына қосылған. Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді.

2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 5 048, 738 млн теңге қаржы бөлінген. Және оқушылар санының өсуін ескере отырып жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.

Облыс бойынша 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жоспарланған. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралды. Жоспарға сәйкес биыл 34 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Оның ішінде, 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады. Сондай-ақ 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 млн.теңге (оның ішінде: ОБ – 1125,8,2 млн.теңге, «Ауыл Ел-бесігі» — 2 886,9 млн.теңге) қаралды.

Предыдущая запись
Шымкентте 223 мектепте алғашқы қоңырау соғылды
Следующая запись
В Казахстане планировали увеличить продолжительность жизни, но она снизилась почти на три года

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню