Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуші екі қоғамдық бірлестіктің мемлекеттің 10 млн теңгесін шығын келтіргені белгілі болды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ведомстваның Павлодар облыстық департаменті мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктері 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Бірақ нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бөгде мамандар тартылып, оларға бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы берілген. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген. Сот қоғамдық бірлестіктердің басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті», — делінген хабарламада.