Шымкентте екі үй мен сарайдың шатыры толығымен жанып кетті

Теги: ,
234

Шымкентте тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі үйдің шатыры, сарайы мен көлік өртеніп кетті.

Оқиға бүгін, 19 тамызда Н.Төреқұлов көшесінде орын алған. Қызыл жалын өрт шыққан үйге жапсарлана соғылған Школьный өткелі көшесіндегі тұрғын үйдің шатырын, екі бөлмесін, ондағы үй заттары мен аумағы 6 шаршы метрді алып жатқан сарайды да шарпыған. Сонымен қатар темір бастырманың астында тұрған «Hyundai Grandeur» маркалы жеңіл автокөліктің артқы бөлігі жанды.

«Өрттің жалпы көлемі 256 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері мен 5 дана техникасы, апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда»,-деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Мүгедектерге бөлінген 10 млн теңгені жымқырған
Следующая запись
Владелец магазина вывесил список клиентов, которые не возвращают долги

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню