Қостанайда облыстық соттың судьясы пара алу кезінде ұсталды

Теги: ,
418

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Жоғарғы соттың мәліметінше, судья Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде қолға түскен.

«Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды. ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде» делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Журналист Михаил Козачковтің Telegram-каналындағы мәліметке сенсек, парамен ұсталған күдікті Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Асқар Дарбаев болуы мүмкін. Пара сомасы — 19 млн теңге.

Предыдущая запись
В Талдыкоргане двухлетний ребенок смог выжить после падения из окна многоэтажки
Следующая запись
34 тысячи жителей Шымкента в этом году получат доступ к природному газу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню