Иранда шииттердің қасиетті жеріне жасалған шабуылдан 15 адам қаза тапты: Қ.Тоқаев ел президентіне көңіл айтты

218

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Еске салайық, 26 қазан, сәрсенбі күні сағат 17:45 шамасында қарулы үш адам Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласындағы шииттер үшін қасиетті орын — Шах Черах кесенесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі. Салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тапты. Fars News агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір әйел мен екі бала бар. Қасиетті мекенге келген 40 адам зардап шекті.

Екі шабуылдаушыны полиция ұстады, үшіншісі қашып үлгерді. Тағы бір ирандық БАҚ Nour news бұдан бұрын үшеуі де ирандық емес деп жазған. Шабуыл үшін жауапкершілікті исламдағы басқа бағыт – сүннизмді ұстанатын «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз мойнына алды, бұл туралы ол Telegram-арнасында жазды.

Иран президенті Ибрахим Раиси Шираздағы шабуылды зорлық-зомбылық арқылы «ұлтты бөлу» әрекеті деп атады. «Зұлымдық жазасыз қалмайды, қауіпсіздік және құқық қорғау күштері шабуылды ұйымдастырғандарға сабақ береді», — деп келтіреді Tasnim агенттігі Раисидің сөзін.

Иранда наразылықтар жалғасуда

Шираздағы лаңкестік әрекет бүкіл елде 22 жастағы күрд қызы Махса Аминидің өліміне байланысты бір айдан астам наразылық шерулері аясында орын алды. Ол 13 қыркүйекте Тегеранда хиджабты дұрыс киген жоқ деген айыппен моральдық полицияға ұсталып, бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, өлімге қамау кезіндегі соққылар себеп болған. Полицияның қатыгездігіне қарсы басталған наразылықтар үкіметке қарсы наразылыққа айналды.

Иранның адам құқықтарын қорғау ұйымының (IHR) хабарлауынша, Иранның әртүрлі қалаларында өткен наразылықтар кезінде 240 адам қаза тапқан. Ұстау жалғасуда: елордада бұған дейін де 300-ден астам адамға «ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін жиналып, сөз байласты», «билікке қарсы үгіт-насихат жүргізді», «қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзды» деген айыптар тағылды.

Иран билігі наразылық шараларын жан-жақты, соның ішінде интернетті бұғаттап, БАҚ бостандығын шектеуге тырысуда. 17 қазанда Иран билігі DW-нің парсы тіліндегі нұсқасына қарсы санкция салды. Басқа бірқатар еуропалық саясаткерлер мен ұйымдар да Тегеранның жазалау шараларына ұшырады.

Предыдущая запись
В Иране погибло 15 человек в ходе атаки на шиитскую святыню. Токаев выразил соболезнования президенту страны
Следующая запись
В Туркестане построят Центр тюркского мира

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню