547
Ақтауда 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы полицейлерге 17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында хабар келіп түскен. Екі адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталды.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. Полицейлер адам өлтірген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде» деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментіндегілер.
Күдіктінің екі адамды не үшін өлтіргені туралы әзірге ақпарат жоқ.