383
Нұр-Сұлтанда спа-салондардың бірінде интимдік қызмет көрсетіліп келген. ІІМ баспасөз қызметінің дерегінше, «Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында “Есіл” ауданының аумағындағы спа-салонда интимдік қызмет көрсету бойынша заңсыз әрекет фактісі анықталды.
Тексеру барысында салон қызметкерлерінің клиенттерге интимдік қызмет көрсеткені мәлім болды. 20-29 жас аралығындағы қыздар мен салон әкімшісі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді. Салонның заңсыз қызметі тоқтатылды.