428
Павлодарда жігітімен сөзге келіспей қалған бойжеткен жанжал кезінде сүйіктісін пышақтаған. Суық қару жас жігіттің ішін жарақаттаған. Оқиға 25 мамырда түнгі уақытта монша маңында орын алған. Бұл кезде 22 жасар қыздың спирттік ішімдік ішіп алғаны белгілі болды. Ал жарақат алған жігіт ауруханаға түскен.
Бұл оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, бойжеткенге Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айып тағылды. Сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Жігітін жарақаттаған қыз өз кінәсін толық мойындаған. Сот үкімімен ол 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын арқалады. Сонымен қатар ол қоғамдық орындарда 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.