500-ге жуық көлікті заңсыз тіркегендер қамауға алынды

Теги: ,
336

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының және полиция қызметкерлерінің көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баю қылмыстық схемасын әшкереледі.

«Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы мен Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды. Олар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген» делінген агенттік ақпаратында.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.

Ведомства тергеу кезінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлері мен басқа да өңірлердегі полицейлердің бұл іске қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр екен.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді» делінген мәліметте.

Предыдущая запись
ІІМ-іне қарасты екі жоғары оқу орнының басшысы олқылықтары үшін жазаланды
Следующая запись
Павлодарда ашу үстінде жігітін пышақтап тастаған бойжеткен сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню