Полиция формасын киіп, емін-еркін жүрген жігіт шын полицейлерге ұсталып қалды

Теги: ,
410

Шымкентте рейдтік іс-шаралар кезінде Республика көшесінің бойынан полиция формасын киген жігіт тәртіп сақшыларының көзіне түскен. Тексеру барысында одан Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ учаскелік инспекторына тиесілі жалған қызметтік куәлік тәркіленген. Ал тергеу барысында ер адамның форманы қаладағы дүкендердің бірінен алғаны анықталыпты. Ұсталған азамат бұрын-соңды сотты болмаған, Түркістан облысының 19 жастағы тұрғыны екен.

«Аталған факті ҚК-тің 390-бабымен (билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иемденіп алу) тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті куәлік мұқабасын сатып алып, кейіннен полиция қызметкері куәлігінің үлгісімен соған үйлестіре өз атына жасаған. Құжатта өзін учаскелік инспектор деп көрсеткен. Тіпті фотошоп арқылы өзіне полиция киімін кигізген. Қазіргі уақытта күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Полицейлер оның тәртіп сақшысының формасын не үшін және қандай мақсатта кигенін анықтауда»,-делінген қалалық Полиция департаменті берген мәліметте.

Предыдущая запись
Павлодарда үш жігіт зорлаған 16 жасар қыз 10-қабаттан секіріп кетті
Следующая запись
Смертельное ДТП: житель столицы, паркуясь, наехал на ребенка

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню