Алматыда өз әжесін өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген 18 жастағы жігіт сотталды

Теги:
409

Жаға ұстатарлық оқиға осыдан екі жыл бұрын, 2020 жылдың қараша айында Медеу ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған. Тұрғын үйден өрт шығып, ішінен зейнеткердің мәйіті табылған болатын. Сот-медициналық сараптама қорытындысы зейнеткердің өлімі жедел жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан болғанын көрсеткен. Бұған электр тоғы себеп болған. Ал өрт электр сымдарының ақауынан шыққан.

Қалалық прокуратура мәліметінше, сараптама қорытындысы ескеріле отырып, қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған. Бірақ марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, қайта шағым түсірген. Прокурорлар қосымша тергеу жұмыстарын жүргізіп, мәйіт эксгумацияланған. Қосымша сот-медициналық сараптама комиссиясы тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша әйелдің өліміне қылқындыру кезіндегі механикалық асфиксия себеп болғаны анықталған. «Марқұмның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ол сол күні отбасылық жанжал кезінде әжесін қылқындырып өлтіргенін айтып, өз кінәсін мойындады. Үйдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың ізін жасыру үшін қасақана өрт шығарған», – делінген прокуратура ақпаратында.

Сот үкімімен сотталушы жас жігіт адам өлтіргені және мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
«Тәп-тәтті»: Жол бойынан қаз-қатар тізіліп өткен бүлдіршіндер көпті тәнті етті
Келесі пост
Шымкент әкімі «Тұран» ауданының арқасында қаланың қай бөлігі дамитынын айтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu