Ақтөбеде 25 жастағы мас келіншек бес айлық баласын көшеге тастап кеткен

Теги: ,
465

Ақтөбеде 11 тамызға қараған түні ішімдікке тойып алған жас келіншек бес айлық сәбиін көпқабатты үйдің ауласында қалдырып кеткен. Кейіннен есін жиған әйел полицияға баласы жоғалып кеткенін айтып хабарласып, көмек сұрапты.

Ал көшеде қараусыз қалған сәбиді кездейсоқ өтіп бара жатқан әйел байқап қалып, полиция бөліміне алып барған екен.

«Бала 8 наурыз көшесіндегі көпқабатты үйлердің қасындағы орындықта жылап отырды. Мен оның анасының мас күйінде белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын көрдім. Алайда сол баланы орындыққа қалдырды да, сәби жылап жатты»,-дейді тұрғын.

Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың денсаулығын тексерген соң сәбиді “Үміт” балалар үйіне орналастырылыпты.

«Бір сағаттай уақыт өткен соң полицияға 1997 жылы туған анасы телефон шалып, баласының жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер анасының алкогольдік ішімдік ішкенін анықтап, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ. Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарауға құжаттар жанақтап жібермек. Комиссияның шешімі бойынша азаматша баласын сәбилер үйінен ала алады» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Предыдущая запись
Жетісайда бір мектептің барлық түлегі грантқа түсті
Следующая запись
Қарттар үйінен қаржы жымқырған лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню