Қарттар үйінен қаржы жымқырған лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

Теги: ,
223

Шығыс Қазақстан облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бірқатар лауазымды тұлғалары ғимаратты жөндеу жұмыстары кезінде 7,4 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қаржылық мониторинг агенттігіндегілер оларға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық департаменті «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады. Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғаларының 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын жымқырғаны анықталды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» делінген хабарламада.

Предыдущая запись
Ақтөбеде 25 жастағы мас келіншек бес айлық баласын көшеге тастап кеткен
Следующая запись
«Қантты 100% қымбат сатқан». Антикор бағаны тұрақтандырудағы қылмысты ашты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню