Алаяқтық жасаған екі әскериге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Теги:
430

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары алаяқтық әрекет жасаған әскери қызметшілерге қатысты 2 қылмыстық істің өндірісін аяқтады. Олардың жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын көлемі 126 млн теңгені құрайды. Бұл туралы Бас әскери прокурата мәлімдеді.

Ведомства дерегінше, ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшісі автокөліктерді нарықтағы бағадан төмен бағада сату кезінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген. Осылайша ол жәбірленушілерді 29 млн. теңгеге алдап, алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Бұл қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.

«Алаяқтық» бабымен күдікті болып отырған екінші адам Ұлттық ұланның келісімшарт негізіндегі әскери қызметшісі екен. Ол смартфондарды арзан бағада ұсынып, жәбірленушілерді алдап соққан. Келтірілген шығын – 97 млн. теңгеден астам. Қылмыстық іс материалдармен тараптардың танысу сатысында және жақын арада әскери сотқа жіберіледі.

Алдыңғы пост
Сарыағашта ауыл әкімінің орынбасары 13 жасар қызды зорламақ болған ер кісіні ұстады
Келесі пост
«Өлтірмек болған»: Психикалық ауытқуы бар жігіт ұйықтап жатқан өгей әкесін пышақтап тастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu