Шымкентте ішімдік ішіп, ұйықтап қалған әйел баласымен бірге уланып қала жаздады

Теги:
330

Шымкентте ішімдік ішіп алып, тамақ әзірлеген 43 жастағы әйел баласымен бірге уланып қала жаздады. Оқиға 17 шағындаудандағы көпқабаттың үйлердің бірінің пәтерінде орын алған.

Өрт сөндірушілерге 7 тамыз сағат 14:48-те өрт шыққаны туралы хабарлама жергілікті тұрғындардың бірінен келіп түскен. Олардың айтуынша, пәтерден 3 жасар баланың жылаған дауысын естіпті. Бірақ оны жұбатуға ешкім әрекет етпеген. Көршілері пәтер есігін қаққанда үйді ешкім ашпаған. Белгілі болғандай, баланың анасы тамақ әзірлеген. Бірақ газ плитасын сөндіруді ұмытып, ұйықтап қалған.

«Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімінің мамандары үшінші қабаттағы пәтердің ішіне өрт сатысы арқылы кіреді. Пәтердің асхана бөлмесінде газ плитада ыдыста тамақ қалып кеткен, салдарынан пәтер іші түтінге толған, өрт шықпаған. Өрт сөндірушілер 1979 жылғы азаматшаны және оның 3 жасар баласын қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 дана техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша азаматша масаң күйде болып, ұйықтап қалған»,-деді Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Алдыңғы пост
ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ ДИАЛОГ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Келесі пост
Оралда кәсіпкерді айуандықпен өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu