Автобуста 12 жасар оқушының жамбасынан сипаған ер кісі 1 млн теңге төлейтін болды

Теги: ,
301

Нұр-Сұлтанда қоғамдық автобус ішінде отырып, 12 жасар қызға тиіскен ер кісіге қатысты сот шешімі шықты.

Сарыарқа аудандық сотында кәмелет жасына толмаған қыздың анасының азаматтық талабы қаралды. Ол өз талабында Б. есімді азамат автобуста кәмелетке толмаған қызын қорлады деп мәлімдеген. Осылайша ол оқушы қызға моральдық зиян келтірген.

«Сот талапты қарап, қыздың анасының талабын толық көлемде қанағаттандырды. Жауапкерден моральдық зиянды өтеу есебіне 1 000 000 теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ» делінген сот мәліметінде.

Айта кетейік, бұл оқиға ағымдағы жылдың 19 мамырында орын алған. Ер кісі автобуста отырған қызға тиісіп, жамбасынан бірнеше рет сипаған. Осы кезде оқушы анасына видеомен қоңырау шалғанда ғана ер кісі онысын тоқтатқан. Бұл бойынша қыздың анасы полицейлерге шағым түсірген болатын. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) әкімшілік іс қозғалып, ол құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот қаулысымен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған болатын.

Предыдущая запись
54-летний мужчина едва не задушил ребенка в магазине Усть-Каменогорска
Следующая запись
Қазақстанда 2023 жылдан бастап темекі бағасы қымбаттайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню