Елімізде 1,8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқығы тапталған

Теги: ,
518

Прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеру аясында 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктердің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертіліпті. Атап айтқанда, Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылған. Ал Алматы қаласының прокуратурасы «Жанұя» мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтаған. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелген.

Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедектігі бар 40 студентке мемлекеттік стипендия төлеуді қамтамасыз еткен. Жалпы, прокуратура органдарының тексеру нәтижелерінің негізінде аталған салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Мәселен, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударған. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды» делінген ведомства мәліметінде.

Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісіпті.

Предыдущая запись
Обязано ли государство обеспечивать жильем?
Следующая запись
​Режим ЧС ввели в США из-за распространения оспы обезьян

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню