Жамбылда 69 келі есірткі сақтаған ер кісі қамауға алынды

Теги: ,
335

Жамбылдық полицейлер құмды аймақта қарасора жинаумен айналысқан Тасөткел ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде шабылып, кептіруге қойылған, салмағы шамамен 69 келі қарасора есірткі заты табылды. Тәркіленген заттан тиісті сараптамалық қорытынды алынған. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Өткізу мақсатында есірткі құралдарын жинау бойынша айыбы дәлелденген жағдайда күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев.

Предыдущая запись
Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген ерлі-зайыптылар 5 жылға сотталды
Следующая запись
В аптеках нет лекарств — последствия одного приказа Минздрава РК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню