Вице-премьер: Директорлар бір мектепті 7 жылдан артық басқара алмайды

Теги: ,
376

Елімізде мектеп директорлары бір білім ұясын 7 жылдан артық басқара алмайды. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына 28 шілдеде берген жауабында айтылған.

«Білім беру ұйымына тағайындалғаннан күннен бастап 4 жыл лауазымды қызметте болған басшылар ротацияланады. Бұл ретте бірінші басшының бір білім беру ұйымында лауазымды қызмет атқаруына рұқсат етілген ең ұзақ мерзім 7 жылдан аспайды. Ротация жүргізу үшін білім беру басқармасының кадр қызметі ауысуы тиіс бірінші басшылардың тізімін әзірлейді. Педагогтарды аттестациядан өткізу ережесі мен тәртібіне сәйкес, бірінші басшы жұмысының тиімділік көрсеткіштері бойынша есеп түзіледі. Ол жұмыс бағыттары бойынша 10-нан астам өлшемшартты қамтиды» делінген жауапта.

Ералы Тоғжановтың жауабында тиімділік көрсеткіштеріне қатысты мәліметтерді білім беру басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің, БАҚ, білім саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен жасақталған және материалдарды шынайы әрі жан-жақты зерделеу үшін консультативтік-кеңес органы саналатын комиссия қарайтыны атап көрсетілген. Атестаттау ережелерінде көрсеткіштер бойынша өлшемшарттар мен тиісті ұпайлар айқындалған. Бұл жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді деп күтілуде. Ротацияланатын бірінші басшы қойылған ұпайдың дұрыстығын, негізділігін қайтадан тексере алады екен.

Предыдущая запись
Шымкентте дауылды ескерту жарияланды
Следующая запись
Полицейский из Туркестанской области завоевал «золото» на мировых соревнованиях

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню