342
Алматыда өзенде көлік айдап, жұртты өзіне қаратқан жүргізушіні полицейлер іздеп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыдағы Есентай өзенінде ақ түсті көліктің жүйткіп бара жатқан кезінің видеосы шықты. Аталған бейнежазбаға қатысты полицейлер пікір білдір. Қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, көлік тізгіндеген жігіт мұндай қадамға хайп үшін барған.
«Мұндай әрекеттерге рұқсат етілмейді. Жүргізушіні міндетті түрде анықтаймыз және жауапқа тартылады» деп қысқа қайырды ведомствадағылар.