Қазақстандағы жол сапасы төмен өңірлер белгілі болды

Теги: ,
233

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол сапасы төмен өңірлерді атады.

Ведомства мәліметінше, министрлік жол құрылысының сапасын жақсарту үшін жүйелі шаралар мен жаңа тәсілдерді әзірлеуде. Ең алдымен, кепілдік кезеңінде ақаулар пайда болған жағдайда техникалық, авторлық қадағалау және тапсырыс берушінің жауапкершілігін күшейту көзделеді. Сонымен қатар сапаны қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдарға қаржылық тәуелділікті жою үшін «Көлік туралы» Заң жобасының шеңберінде бірыңғай шартқа қол қою тетігі уәкілетті органмен және Сапа орталығымен пысықталатын болады. Бұл шартқа қарамастан әкімдіктердің атына ескертулер беруге және олардың міндетті түрде орындалуын талап етуге мүмкіндік береді.

«Ағымдағы жылы жергілікті жолдардың сапасына бақылау жүргізу барысында 9 мыңға жуық сынама алынды. Олардың 2,5 мың сынамасы немесе 28%-ы талаптарға сәйкес келмейді. Анықтама ретінде: сәйкессіздік бойынша көшбасшылар Шымкент (71%), Маңғыстау (61%), Алматы (56%), ШҚО (49%), БҚО (43%), Түркістан қ. (40%) болып табылады. Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер объектілерді қабылдауда. Мұндай фактілер бойынша кейбір өңірлерде қылмыстық істер қозғалуда» делінген министрлік мәліметінде.

Ведомствадағылар Ақтөбе облысында сапасыз орындау және Сапа орталығының ескертулерінен кейін қабылдау фактісі бойынша, ал Шымкентте актілерге жалған қол қою фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалғанын атап өтті.

Сонымен қатар қаржыландыруды тепе-тең бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Міндеттемелерге қарамастан жекелеген облыстар бұл талаптарды сақтамайды. Олар: БҚО, СҚО, Қостанай, Павлодар.

«Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жергілікті жолдарды дамыту қарқыны төмен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республиканың орташа көрсеткіші 80% бола тұра өңірдегі жолдардың нормативтік жай-күйі 39%-ды құрады. Батыс Қазақстан облысына ағымдағы жылы 2,6 млрд теңге бөлінді, бұл барлық бюджеттің 10%-ын құрап отыр» делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Предыдущая запись
Алматыда Есентай өзенінде көлікпен жүйткіген жүргізуші іздестіріліп жатыр
Следующая запись
Алматинец подал в суд на авиакомпанию Air Astana​

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню