Шымкентте жартыжылда 30 481 адам жұмыспен қамтылған

Теги: ,
428

Шымкентте 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясянды биыл 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Оның 35 276 орны – тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни, жоспар 52,8% орындалған.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова ағымдағы жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы қала әкіміне берген есебінде айтты.

Әкімдіктің баспасөз қызметіне берген мәліметке сенсек, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарда. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты.

ҚР Премьер-министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп, бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орны құрылған. Жоспар 86%-ға орындалған.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптыларға азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылу үлесін арттыруды, мемлекет қамқорындағы балалардың білім алуы мен жұмысқа орналасуын бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар шаһар басшысы аялдамалардың, қоғамдық орындардың пандустарын реттеп, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұдан өзге тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып, олардың қызмет көрсету сапасын арттыруды қолға алуды жүктеді.

Предыдущая запись
Фермеры Кызылординской области готовы голодать сегодня, чтобы завтра не падал с голоду их скот
Следующая запись
Елімізде былтыр 3,5 мыңға жуық еркек декреттік демалысқа шыққан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню