391
Шымкентте 29 жастағы тұрғын жолдан өтемін деп кәріз жүйесі үстінен қойылған темір торға аяғын қыстырып алды. Бойжеткен аяғын өздігінен шығара алмаған соң құтқарушыларды көмекке шақырған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Абай көшесі бойындағы дәмханалардың бірінің алдында орын алған.
«Темір торға аяғы абайсызда кіріп кетіп, шығара алмай қалған 1993 жылғы азаматшаға жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары шұғыл түрде көмекке келді. Оқиға орнына барған құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен темір торды керіп, аяғын босатты»,-деді төтеншеліктер.