Түркістан облысында үй тонаушы баланың «памперсіне» дейін ұрлап кетті

Теги: ,
414

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы жергілікті тұрғын жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде ұрлыққа түскен. Бұған дейін сотты болған күдікті балалардың бір реттік жаялығымен (памперс) бірге үйдің сарайында тұрған көлік бөлшектерін де қолды еткен.

Полицейлерге шағым түсірген жәбірленуші әйел ұрлық ұрлық жайтының құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша, түнгі уақытта ауласындағы сарай ішіне белгісіз адам кіріп, 1 дана бұрғылағыш құралын, «Комбайн» жүк көлігінің 200 дана бөлшек жабдықтарын, сондай-ақ 120 дана балаларға арналған жаялықтарын жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 000 теңгеге жуық.

«Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған ер азамат ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Оңай олжалы болуды көздеген күдікті бұл үйге алдын ала жоспармен ұрлыққа түскен екен. Қолды болған затты сатпақ болған. Бірақ ол үйі іске аспай қалды.

Предыдущая запись
«Мечтаю стать режиссером эфира»: как работает 12-летний главный редактор из Павлодара
Следующая запись
Кулачные бои от многодетных: правда — в силе?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню