564
Мерейлі 70 жасқа толған қарияның бұл тойдан мүлдем хабары болмаған. Тойды жүргізген асабаның айтуынша, зейнеткердің балалары осылайша ерекше тосын сый жасапты. Салтанатты шараға күллі туыстарының басын қосқан.
Бұл сәттің видеосын асаба өзінің желі парақшасына жүктеді.
«Бүгін ерекше той боп тұр. Шәкәрім атамыздың жетпіс жас тойы. Туған күні иесі той болатынын өзі білмейді, балалары осыншама қонақтарды жинап, тосын сый жасап отыр. Атамыздың жасын берін»,-дейді ол.
Видеодан тойхана ішіне жиналған қонақтар туған күні иесін тағатсыздана күтіп тұрғанын көруге болады. Кенеттен музыка қойылып, қария ішке кіреді. Туған-туыстары кезегімен оны құттықтап, ақ тілектерін жаудыруда.