«Прокурордың әйелімін» деп күзетшіні боқтаған әйелдің кім екені анықталды

Теги: ,
299

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өзін «прокурордың әйелімін» деп күзетшіні балағаттап, шу шығарған келіншектің кім екені анықталып, жауапқа тартылды. Оқиға Шымкент қаласында болған екен.

«19 шілде күні Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына күзет қызметкері 15 шілде күні сағат 14.00 шамасында » ЖШС” ғимаратында жас әйелдің күзетшілерге қатысты дөрекі сөздер айтып, балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған. Полицейлер әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туылған, бұрын ажырасқан Шымкент тұрғыны болып шықты. Аталған жайтқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдады»,-деді Полиция департаментіндегілер.

20 шілде күні әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шешім шығарды. Видеодағы әйел өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Сот оның асырауында үш баласы бар екенін ескеріп құқық бұзушыны 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Предыдущая запись
Шымкенттік өнімдер импорт тауарларды алмастырады
Следующая запись
Казахстан бьет рекорд по смертности

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню