Сейтқазы Матаев пен ұлы толық ақталып шықты

Теги: ,
357

Қазақстанның Жоғарғы соты Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты толық ақтады. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғарғы сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

«Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жоғарғы сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады. Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды» делінген Жоғарғы соттың берген мәліметте.

Сонымен қатар ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіру құқығы танылды. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.

Еске салсақ, Сейтқазы және Әсет Матаевтарға аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып, сотталған болатын.

Предыдущая запись
Стадион за 60 млн тенге: сколько миллионов осело в карманах?
Следующая запись
«Теңгені қорлау». Мылтыққа ақшаны жыртып ілген әскери курсанттар жұрттың жағасын ұстатты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню