​Сарыағаштық жігіт банкті 12,5 млн-ға алдап соққан

Теги: ,
354

Сарыағашта банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген жігіт қамауға алынды. Polisia.kz жазуынша, аудандық полиция бөліміне банктердің бірінен қатынас хат келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз біреу банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 12,5 млн теңге шығын келтірген.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Жан-жақты атқарылған жұмыс нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдікті жергілікті тұрғын анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жас жігіт полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікті кәсіпкер ретінде тіркелген. Банк қосымша арқылы өзі сатушы, өзі сатып алушы болып, бірнеше рет сату-сатып алу операцияларын жасаған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
​Тараздық журналистке шабуыл жасалды
Следующая запись
​Данияр Мейрхан: За 16 дней заполнено более 18 тыс адмпротоколов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню