«Үйге қалай да жету керек болды» Ішіп алған ер кісі жолда тұрған көлікті айдап кетті

Теги: ,
444

Таразда 49 жастағы ер кісі ішіп алып, таңғы сағат 4-ке дейін такси тоқтата алмаған. Содан үйіне қалай да жетуді көздеген ол мейрамхана алдында тұрған көлікті айдап кеткен.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің дерегінше, мас күйде көлікке отырған ер кісі онымен қоймай, жол-жөнекей ақша таппақ ниетпен жолаушы ала кетуді ойлапты. Кейіннен полицейлерден қашпақ болып, жол апатын жасаған.

«Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында мейрамхана алдынан белгісіз ер адамның «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды. Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Кейін рөлді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көлік ұрлаған күдікті 2019 жылы мас күйінде рөлге отырғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен.

Предыдущая запись
«Очень домой надо было» — полиция задержала пьяного автоугонщика
Следующая запись
Чат ELITAR.KZ — пишите о том, что наболело

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню