Қарағандыда ер кісі 13 жастағы оқушы қызды зорламақ болды

Теги: ,
254

Қарағандыда 36 жастағы ер кісі мектеп оқушысын зорламақ болды деген күдікпен ұсталды.

Оқиға 24 шілде күні болған. 51 жастағы жергілікті тұрғын полицейлерге арызданып келген. Өз шағымында белгісіз азамат қызын зорламақ болғанын көрсеткен. Оның айтуынша, ер кісі аулада жүрген 13 жасар қызының қолынан ұстап, адам жоқ жерге сүйреп әкеткен. Кейін арам пиғылын іске асырмақ болғанда оқушы қатты шыңғырып, айналасындағыларды көмекке шақырған. Ал қаскөй осы сәтте қаша жөнеліпті.

Облыстық Полиция департаментіндегілер күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау мақсатында іздестіру шараларын жүргізген.

«Күдікті аулалардың бірінен ұсталды. Ол — 36 жастағы ер азамат. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігімен (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Терегу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деді ведомстадағылар.

Айта кетейік, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасын арқалауы мүмкін.

Предыдущая запись
«30 жылда жеткен жетістік». Бас жүлдеге 25 келі қант сыйлаған той иелері көптің талқысына түсті
Следующая запись
Отключали видеожетоны и удаляли записи. О работе транспортного контроля рассказали в НПП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню