338
Шымкенттің төрт тұрғыны оңай жерден пәтерлі боламын деп қалтасынан қағылды. Белгісіз азаматша оларға «Шымкент, Нұр-Сұлтан, Түркістан қалаларынан жағдайы төмен отбасыларға пәтер алып беремін» – деп сенімдеріне кіріп, 7 млн теңге ақшасын алып, қайтармай қойған.
Полицейлер осы жайтқа қатысы бар әйелді ұстады.
«Белгілі болғандай жас келіншек оңай жолмен ақша табу мақсатында, дәл осындай жолмен бірнеше тұрғынды алдап келген. Күдіктінің жалпы 4 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 14 миллион 500 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», -деді ПД баспасөз хатшысы.