​Беташар табағына 200 мың теңге салған жігіт желіні жарды

Теги: ,
318

Досының әйелінің беташар рәсімінде табаққа 200 мың теңгені бір-ақ салған жас жігітті жұртшылық қызу талқылап жатыр. Оның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Асаба қолына ақ құсын қондырған жігіттің Арман есімді досын ортаға шақырады. Ол әмиянын ашып жиырма, он және бес мыңдық купюраларды кезектеп табаққа салады. Ал асаба оның бұл әрекетіне таң қалысып, санап тұрады.

«Екі жүз мың теңге! Шапалақ ұрып қойыңыздар Арманға»,- дейді асаба.
Досы үшін ақшасын аямаған мұнымен шектелмейді. Жұмыста болып, беташар рәсіміне келе алмаған тағы бір досының атынан табаққа 20 мың теңгені салады.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жас жігіттің мәрттігіне тәнті болды.

«Тойды көтеріп кететін осындай достарың мен туысқандарың болса жақсы ғой», «Біреудің ақшасы үшін мұнда отырып менің ішім ашып кетті», «Шашылсаң, тойға шашыл деген. Мықты», «Мұндайларды «бай» демейді. Нағыз дос досының қуанышынан ешнәрсе аямайды. Жағдайың жетіп тұрса, миллиондап сал», «Осы баланы беташарыма шақырамын», «Мықты жігіт екен», «Мәрттік» деп жазды желідегілер.

Предыдущая запись
Шымкентский учитель стал одним из лучших на международном конкурсе
Следующая запись
Чего достигло Правительство Казахстана с начала 2022 года

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню