Өзін ҰҚК қызметкерімін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Теги: ,
285

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жергілікті тұрғынды 1,5 млн теңгеге сан соқтырып кеткен ер кісі ұсталды. Жәбірленуші әйел полицейлерден көмек сұраған. Өз арызында танысы Алматы қаласындағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беретінін айтып, сеніміне кіріп ақшасын алғанын көрсеткен. Ер адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеймін деген екен.

«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз екені де расталды. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген облыстық Полиция департаменті берген мәліметте.

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші Төрткүл ауылынан Темірлан ауылына жолға шыққанда көлік ішінде танысады. Сезікті ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Жәбірленуші оның сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген. Алайда ер адам ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен. Күдікті алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген.

Предыдущая запись
Отключали видеожетоны и удаляли записи. О работе транспортного контроля рассказали в НПП
Следующая запись
Таскали по полу, душили, били: об издевательствах в частных детсадах рассказали в Минпросвещения

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню