Ақтөбе: прокурорлар арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында лицензиясыз жұмыс істеген түркістандық компанияны анықтады

Теги: ,
279

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаевтың хабарлауынша, прокуратураға арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында медициналық тексеріс бағасының өскені туралы шағым түскен. Шағымды тексерген прокурорлар жүргізушілік куәлікті алу кезінде сұралатын медтексерісті Түркістан облысынан келген жеке компания өткізетінін анықтаған. Компания наркологтың қызметін 5 мың теңгеге бағалапты.

Прокурорлар компанияның медициналық қызмет көрсетуге және санитарлық қорытынды жасауға рұқсат беретін лицензиясы болмағанын анықтады. Сонымен қатар, көрсетілген медициналық қызмет құны Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтен әлдеқайда жоғары екені белгілі болды. Бекітілген тариф – 1015,58 теңге. Прокурорлар арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы басшылығына заңбұзушылықты жою туралы ұсынысхат жолдады.

Предыдущая запись
Ақтөбе: қала әкімінің қызметі үшін 1,5 миллион доллар ұсынылған
Следующая запись
​«Қош бол деп айттың, тағы бірдеңе дедің»: Жаңа шыққан ән көпті күлкіге қарық қылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню