510
Ордабасы ауданының тұрғынына ауылдасы «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында жинап беремін» — деп сеніміне кірген. Алайда 8 жылқының етіп алған әйел 1 жылға жуық уақыт өтсе де қарызды қайтармай жүріп алған. Жәбірленушіге келген шығын 2,5 млн теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Полиция ұсталғанның бұрын сотты болған орта жастағы әйел екенін хабарлады. Күдікті әйел еттерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.