Антикор ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты 136 қылмыстық істі тіркеген

Теги: ,
207

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» қызметінде анықталған жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы», «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің және жүк жөнелтушілердің қатысуымен өткен кеңес барысында айтылды.

«Олар вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілермен және жемқорлық схемаларымен, тиісті цифрландырудың болмауымен, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысымен, қағаз нысанда өтінімдер берумен және т.б. байланысты болған» деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Анықталған жемқорлық тәуекелдері қылмыстық статистикамен расталған. Мәселен, соңғы 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша 52 адам сотталды. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі парақорлық (70%) және ұрлық (13%) фактілеріне байланысты.

Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде заңсыз сыйақылар алумен, жұмысқа қабылдаумен және қызмет бойынша ауысумен, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды жеделдетіп және кедергісіз берумен байланысты.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде жүргізілген талдауға сәйкес ҚТЖ жекелеген бөлімшелерінде вагондармен айла-шарғы жасау бойынша жемқорлық схемалары құрылғанын атап өтті. Жасанды кедергілер мен оларды бөлудің жасырын процедурасына байланысты кәсіпкерлер өз мәселелерін ақша үшін бейресми түрде шешуге мәжбүр.

«Іс жүзінде пара берген адам өз жүктерін уақтылы жібереді. Бұл проблемалардың барлығы кәсіпкерлердің дәлелдерімен ғана емес, қылмыстық істердің нақты материалдарымен де расталады. Жақында ғана Қостанай облысы бойынша ҚТЖ бөлімшесінің басшылары сотталды, олар заңсыз сыйақылар үшін вагондар беру жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған»,-деді Дмитрий Малахов.

Мәселен, «Қазтеміртранс» Қостанай филиалының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша оған вагондарды беру немесе бас тарту мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік берген жасырын процестер анықталды. Экс-басшысы жасаған қылмыстары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал ал пара беруші фирмаға 24 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Предыдущая запись
​В Усть-Каменогорске ночью загорелась больница: 71 человек эвакуирован
Следующая запись
Мемлекеттік кірістер комитеті: «Қазығұрт» өткізу пункті бір күнге жабылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню