Шымкентте 400-ден астам отбасы жеңілдікпен баспана ала алады

Теги: , ,
329

2022 жылы Шымкентте 449 отбасына лимит бөлінген. Оның ішінде: көп балалы отбасы – 195, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы – 35, толық емес отбасы – 219. Еске сала кетейік, «Бақытты отбасы 2-10-20» бағдарламасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

«Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша өтініштер 20 маусым мен 19 шілде аралығында «Отбасы Банкі» АҚ сайтында қабылданады.

2019 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы аз қамтылған отбасыларға несие беру шарттары бойынша кезекке 292 өтініш тіркелді. «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты аясында 2020 жылы Шымкентте 292 отбасы несиелік баспанаға ие болды. Сонымен қатар, 2021 жылы өңірлерге берілген лимиттердің көлеміне сәйкес несие негізінде 589 отбасын (көп балалы отбасы – 255, патронаттық отбасы – 285, толық емес отбасы – 49) тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, бүгінгі күні 363 отбасы (көп балалы отбасы – 173, патронаттық отбасы-мүгедек 160, толық емес отбасы – 30) пәтермен қамтамасыз етілген.

Бағдарламаға қатысушыларға әлеуметтік көмек ретінде 500 шымкенттікке бастапқы жарнаға ақшалай қаражат берілді.

«Отбасы Банкі» аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін 20 жылға жылдық 2 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, 10 пайыздан кем емес бастапқы жарнамен несие береді.

Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған көп балалы, толық емес отбасылар қатыса алады.

Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің өтініш берілген күні Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

3) өтініш берушімен және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 айдағы айлық табысы қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 мөлшерінен аспауға тиіс;

4) неке бұзылған кезден бастап үш жылдық кезеңнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

5) отбасының еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық табысының болуы;

6) төлем қабілеттілігін растау;

7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебінде тұруға міндетті.

Несие шарттары:

— несиенің мақсаты – бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу;

— тұрғын үй сатып алу кезіндегі несиенің максималды сомасы – 15 миллион теңгеден аспайды.

Предыдущая запись
Более 400 семей могут получить жилье в Шымкенте на льготных условиях
Следующая запись
ҚР Мәдениет және спорт министрі Шымкент тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню