ҚР Мәдениет және спорт министрі Шымкент тұрғындарымен кездесті

Теги: , ,
276

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесуге Шымкент қаласының төрт ауданының белсенді тұрғындары мен мәдениет, спорт және туризм мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Кездесу «сұрақ-жауап» форматында еститін мемлекет қағидасымен өтті.

Дәурен Абаев 2022 жылы «Қазақ анимациясы» шығармашылық бірлестігін құру жұмысы жүргізіліп жатқанын еске салды, ол жыл соңына дейін көрерменге 10 пилоттық жобаны ұсынуды жоспарлап отыр.

«Анимация саласында өзіндік орны бар шымкенттік жігіттердің шығармашылығымен таныспын. Сондықтан мен сіздерді «Kazakh Animation» компаниясымен ынтымақтастыққа шақырамын»,- деді министр.

Жиынға қатысушылар мен министр мегаполистің мәдениет, спорт және туризм саласына қатысты өзекті мәселелерін де айналып өтпеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасымен министрлер аймақтарға келіп, халықпен кездесуде. Бұл өзара сенім мен мемлекет пен қоғамды құрметтеуге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы ең маңызды қадам. Бүгін біз министрлік тарапынан әр салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталамыз. Мәдениет саласы бойынша өткен жылы Шымкентте 9 нысан жөндеуден өткен. Биыл 10 мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2 ғимараттың құрылысы басталды», — деді Дәурен Абаев.

Нысандардың құрылысын олардың ауқымына қарай 2025 жылдан кешіктірмей аяқтау жоспарлануда.

Министр әдебиетті қолдау мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Жазушылар мен баспаларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында министрлік биыл алғаш рет «Айбоз» әдеби сыйлығын тағайындады.

Шымкент қаласын аралайтын туристер үшін туристік қоғамдастықпен келісе отырып, демалушыларға арналған 27 маршрут ұсынылған. Оның 17-сі Шымкент қаласы, 10-ы Түркістан облысы арқылы өтеді. Олар тарихи, мәдени, экологиялық, экстремалды, өндірістік бағытты қамтиды. Айта кетейік, 2022 жылы 3 айда Шымкентке 97 мыңға жуық турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 129 пайызға артық.

Спорт мәселесіне келсек, бұл саладағы негізгі бағыттар «Дені сау ұлт» жобасында айқындалған.

«2025 жылға дейін спортпен жүйелі түрде айналысатындар санын 50 пайызға жеткізу жоспарлануда. Былтыр еліміздің шалғай аудандарында 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында арнайы жоспар жасалып, оған сәйкес 2025 жылға дейін 113 спорт нысанының құрылысы, 21 ғимаратты жаңғырту және 6 нысанды қайта жарықтандыру қарастырылуда. Шымкентте ат спортына арналған ипподром салынып жатыр», — деді Абаев.

Дәурен Абаев жиынға қатысушыларды министрліктің құзырына жататын мәселелердің жақын арада шешімін табатынына сендірді.

Предыдущая запись
Шымкентте 400-ден астам отбасы жеңілдікпен баспана ала алады
Следующая запись
Будьте бдительны: вам могут позвонить лжеполицейские

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню