358
Шақырту қалалық балалар ауруханасынан түскен. Белгілі болғанындай, немересінің саусағына жүзік секілді тағып ойнаған болат болтты үлкендер өздігінше шығара алмағасын әжесі ауруханаға алып келген. Алайда әрекет нәтижесіз болғандықтан мамандар көмегіне жүгінуге тура келді.
Құтқарушылар келген бойда темір қысқыштардың көмегімен баланың саусағын босатып, емхана қызметкерлеріне тапсырды.
Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, құтқарушылар жыл басынан бері осындай көмекке 17 рет шықты.