463
Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, 13 маусымда қала тұрғыны 25 жастағы баласының жоғалғаны жөнінде полицияға арыз түсірген. Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері жігіт пен оның досы жанжалдасқанын анықтаған. Кейін белгілі болғандай, досы оны монтировкамен бірнеше рет ұрып, көлігіне тиеп, өзен жағасына апарып тастап кеткен. Жігіт сол жерде жан тапсырған.
Күдікті қамауға алынды. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-шы «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.