Еуроодақ пен Еуропа Кеңесі Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптайды

269

​10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күніне орай Еуропа Кеңесі мен Еуропалық одақ Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптады.

Осы мәселе туралы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы мен Еуропалық одақтың Жоғарғы өкілі ұйымның сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде хабарлады (https://www.coe.int/ru/web/portal/-/european-and-world-day-against-the-death-penalty-10-october).

«Біз барлық жағдайда өлім жазасын алып тастаған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерді (соның ішінде ЕО мүше мемлекеттерді) құптаймыз… Өлім жазасын әлі де қолданатын мемлекеттер санының тұрақты азаюы осы қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және тиімсіз жазадан бас тартудың жаһандық үрдісін растайды», — деп құжатта жазылған.

«ЕО мен Еуропа Кеңесі Қазақстанның бүкіл әлемде өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын жоғары бағалайды», — деп бірлескен мәлімдемеде атап айтылған.

Мәлім болғандай, 2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумде еліміздің азаматтары Конституцияға өзгерістер енгізуді, оның ішінде өлім жазасын алып тастау туралы бапты бекітуді қолдап дауыс берді.

Дерек көзі: МИД РК

Предыдущая запись
Евросоюз и Совет Европы приветствуют решение Казахстана об отмене смертной казни
Следующая запись
В Шымкенте на борьбу с безработицей выделили три миллиарда тенге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню