378
Киелі шаһарда құны 2 млн. теңге шамасында тұратын темір контейнер ұрланған. Полицияға жекеменшік фирмалардың бірінен арыз түскен. Тәртіп сақшылары ұрыны алыстан іздемеді. Белгілі болғанындай, ұры алыстан келмепті. Ол сол маңдағы фирмалардың бірінде жұмыс істеген күзетші болып шықты. Жергілікті тұрғын күнделікті өтіп жүргенде темір контейнерге көзі түсіп жүріпті. Сезікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын қажеттілік үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.