Шымкенттік полицейлер Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлағандарды ұстады

Теги: ,
315

Бұл туралы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов мәлімдеді.

Полиция полковнигі хабарлағандай, жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен қару ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Олардың екеуі елдің оңтүстік астанасында жалдамалы пәтерде тұрған, ал үшіншісі ескі достарында қонақта болғаны анықталды. Қару-жарақ дүкені тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан, ал жас жігіттер осыны пайдаланып, ұрлық жасауға шешім қабылдаған. Жігіттер дүкеннен қолына түскеннің бәрін алып, жасырыну мақсатында Шымкентке жол тартқан. Олар екі «Сайга» аңшылық карабины мен 70 оқ-дәріні сатып үлгерген. Жедел уәкілдер сатып алушыларды да анықтап, ұстады. Ал тирге арналған мылтықты жігіттердің бірі өзінде қалдырған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 291-бабымен «қаруды жымқыру» СДТТБТ-не тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Қазір олар қамауда», — деді Абдраманов.

Департаменттің бас тергеушісі полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтіп, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын жеткізді.

Предыдущая запись
Шымкенттік полицейлер тұрғындарға ән-шашу арнады
Следующая запись
Шымкент: ақшаңды еселеп берем деп елді алдап соққан жігіт ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню