Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі «Елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 233 бұйрығының 7-тармағына сәйкес, елді мекендердегі ғимараттардың сыртындағы ашық алаңдарда сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін бірқатар маңызды процедураларды орындау қажет.
Сыртқы жарнаманы орналастыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және келесі кезеңдерде ғана рұқсат етіледі:
• сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – АТЖ) және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеуге арналған техникалық шарттарды алу;
• эскизді (эскиздік жобаны) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісу;
• сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағына сәйкес, елді мекендердегі үй-жайлардың сыртында, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде, елдi мекендердiң сыртындағы үй-жайлардан тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнен тысқары ашық алаңқайға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама «Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жіберілген жағдайда жол беріледі.
Хабарламаға қоса мыналар беріледі:
• сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру мерзімі мен орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер формасы;
• Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға бірінші айдың төлемін растайтын құжат;
• нобайлары қоса берілген жарнаманың сипаттамасы.
НАЗАРЛАР САЛЫҢЫЗ: Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, әрекеттерді (операцияларды) жасау Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.