488
Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүрген 13 жасөспірімді анықтады. Олар түнгі уақытта кафелердің бірінде ойын-сауық ұйымдастырған. Полицейлер жеткіншектердің ата-аналарын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, хаттама толтырды.
Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, балалар негізінен компьютер клубтары, автожуу, ойын сауық орталықтарында көп шоғырланады. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алатындықтан жазғы демалыс кезінде балаларды көзден таса қылмауды ескертеді.