Орал: он күн бойы комада жатқан оралдық келіншек ес жимастан көз жұмды

Теги: ,
434

Қан қысымы көтерілген келіншектің миына қан құйылып кеткен. Туыстары дәрігерлер Таңшолпанды ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдырып, осындай күйге түсірді деп кінәлап отыр. Перинаталдық орталық қызметкерлері науқастың жағдайы нашарлағанын кеш аңғарған. Осыдан кейін кесарь тілігін жасап, іштегі сәбиді сойып алған. Таңшолпан осы отадан кейін есінен айрылып, комаға түсіпті. Ақыры ес жимастан көз жұмды. Марқұмның артында төрт жасар қызы мен жаңа туған сәбиі қалды. Туыстары Таңшолпанның ажалына себеп болған орталықты сотқа береміз деп отыр. Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрыпты.

Еске салайық, құрсағында жеті айлық сәбиі бар Таңшолпан Мұқанова БҚО перинаталдық орталығына ем алуға барған. Бірақ дәрігерлер оның қан қысымы жоғары екендігіне қарамастан, сегіз сағат бойы система құюмен шектеліпті. Таңшолпанның акушер болып жұмыс істейтін анасы Бибігүл Мұқанова әріптестерінің уақыт өткізіп алып, осындай жағдайға жол бергенін айтады. Оның айтуынша, дереу білікті мамандарды жинап консилиум өткізіп, жүкті келіншекті санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жіберуі керек екен. Бірақ ем-дом жасауы тиіс дәрігерлерге хабар дер кезінде жетпегендіктен, 29 жастағы келіншек комадан көз жұмды.

Предыдущая запись
Айым Сейтметова стала мамой
Следующая запись
Документальный фильм про театр с уникальной историей сняли в Караганде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню