Түркістан облысы: ордабасылық оқушы саңырауқұлақ өсіріп, кәсібін бастады

Теги: ,
361

Ордабасы ауданының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты. Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.

Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы оны Төрткөл ауылдық округінде осындай кәсіпкпен айналысатын кәсіпкерге тәжірибе алмасу мақсатында алып барыпты. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан Қаршыға Арысбекқызы талабы таудай жасқа өз білгенін үйретіп жіберіпті. Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған.

— Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығын, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды.


Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок (мешочек) өнім шыкты. Дайын өнімнің бір келісін 1000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2- 4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімі сатылымға шығарылса, соңғысы консервіге жабылады, — дейді жас агроном.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері бала агроном мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы үйіргелік жеріндегі кәсібін дамытуды көздеп отыр.

Предыдущая запись
Шымкентте алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан жасырын цехтар жойылды
Следующая запись
Түркістан облысы: Полицейлер заңсыз жұмыс істеп жүрген 40-қа жуық шетелдікті елден аластатты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню