Шымкентте алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан жасырын цехтар жойылды

Теги: ,
457

Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп – тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, алкаголь өнімдерін шығарумен айналысқан жасырын цехттардың қызметін тоқтатты. Атқарушылық іс Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 17 наурыз 2022 жылғы және 06 сәуір 2022 жылғы үкімдеріне сәйкес ҚР ҚК 233 –бабының 2 бөлігімен орындалды. Тергеп-тексеру шаралары кезінде 1975, 1989 жылдары туылған Шымкент қаласының тұрғындарының «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы цехты және қаладағы Құрбан ата көшесінде орналасқан жер үйлердің бірін жалдағаны анықталды. Жасанды есепке алу-бақылау маркалары бар 3 атаулы ( «Родная степь» 5 817 дана бос шөлмектері, «Тау Эксклюзив» 180 дана бос шөлмектері , «Русская на бруньках» 44 дана бос шөлмектері) 6041 бос шөлмек, дайын «Родная степь» 1 200 дана шөлмек алкоголь өнімдері, 18 қорап қақпақтары, 2 тоннаға жуық спирт сұйықтықтары, сондай-ақ, 20 270 дана түрлі бос шөлмектер табылып, жойылды. Айыпталушылар қылмысын толық мойындап, өкінетіндерін жеткізді, сот үкімімен бірі 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, енді біріне 1 531 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Шымкент қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.


Предыдущая запись
БҚО: жаз шыққанда ауа райы күрт құбылып, бұршақ жауып, соңы қарға ұласты
Следующая запись
Түркістан облысы: ордабасылық оқушы саңырауқұлақ өсіріп, кәсібін бастады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню