«Күйзеліске түскендіктен шектім»: Шымкент тұрғыны көшеде есірткімен ұсталды

Теги: ,
323

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қызмет барысында көшелерді патрульдеу кезінде жол бойындағы бағаннан полиэтилен түйіншегін алып жатқан жас әйелді байқайды. Полицейлер тексеру кезінде түйіншекте кішкентай қара пакеттерге бөлініп салынған марихуана мен гашиш есірткі заттарын анықтаған. Сараптама нәтижелері тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 30 грамнан асатынын көрсетті.

Полицияға жеткізілген күдікті ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүріп, содан шыға алмағандықтан есірткіні қолдана бастағанын және оны өзі пайдалану үшін интернет-мессенджерлері арқылы алғанын айтқан. Ол төлемді онлайн түрде жасағаннан кейін оған жасырын есірткінің координаттары жіберіліп отырған.

«Сот үкімімен әйел ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген » Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартылды», деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
Шымкент: алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ жалған құжат жасап, көліктерді ломбардқа өткізіп келген
Следующая запись
В Караганде почти все КСК перешли на ОСИ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню